{metadescription}
Атырау облысында пышақталған 4 адамның біреуі ауруханада көз жұмды

Атырау облысында пышақталған 4 адамның біреуі ауруханада көз жұмды

Атырау облысында 4 адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда, оның біреуі ауруханада көз жұмды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 15 суірде болған. 

«Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына 2 адамның жанжалдасып тұрғаны туралы хабар түсті. Аудандық ауруханаға 1987 жылғы 4 адам түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Төртеуі де – аталған ауданның тұрғындары. Зардап шеккен адамның біреуі дене жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 2003 жылғы жігіт анықталған. 

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп отыр. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Дереккөз: Kazinform 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.