{metadescription}
Алматылық ардагерлерге 2 млн теңгеден беріледі

Алматылық ардагерлерге 2 млн теңгеден беріледі

Алматы мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Жеңістің 79 жылдығына орай ардагерлерге біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, жыл сайын Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленетін.

«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге біржолғы көмек ала алады», — деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов. 

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Алматы қаласының аудандық әкімдіктері екінші деңгейлі банктердегі шоттарына өтініштерді талап етпей, тізімге сәйкес беріледі.

Қазір Алматыда 44 соғыс ардагері тұрады.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.