{metadescription}
ШҚО-да 56 мектептің оқушылары порнографиялық сайттарға емін-еркін кіріп жүрген

ШҚО-да 56 мектептің оқушылары порнографиялық сайттарға емін-еркін кіріп жүрген

Шығыс Қазақстан облысындағы 56 мектеп оқушылары порнографиялық және букмекерлік сайттарға білім ордасының интернеті арқылы емін-еркін кіріп жүрген.

Өңір прокурорлары жүргізген тексеру нәтижесінде 56 мектептегі 15 мыңнан астам оқушыға тыйым салынған интернет-контенттің қолжетімді болғандығы анықталды. 

Нақты айтқанда, Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында порнографиялық сипаттағы сюжеттер іздестіріліп, қаралған, деп жазады kazinform.

Ал Шемонаиха ауданындағы 8 мектепте балалар букмекерлік кеңселердің сайттарына кірген.

Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы салдарынан осындай фактілер Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп) Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) тіркелді. 

«Заңбұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы барлық мектепке тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау мәселесін көтерді. Қадағалау актісі облыстың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жіберілді», - деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.