{metadescription}
Қазақстанда автотұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл алынып тасталмақ

Қазақстанда автотұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл алынып тасталмақ

Қазақстанда көлік тұрағына төлемнен жалтарғандарға айыппұлды алып тастап, денсаулыққа зиян келмеген жол-көлік оқиғасы үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасын қолданбау жоспарланып отыр.

Бұл нормалар бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылау кезінде мәлім болды, деп жазады kazinform.

«Мәселен, заң жобасында денсаулыққа зиян келтірмеген жол-көлік оқиғасында жүргізішу куәлігінен айыруды қолданбау ұсынылған. Автотұрақ ақысын төлеуден жалтару үшін жауапкершілік алынып тасталады, өйткені бұл қызметтер азаматтық-құқықтық сипатта», - деді Мәжіліс депутаты Сергей Понамарев.

Оның айтуынша, жұмыс тобының құрамындағы депутаттар әкімшілік заңнаманы одан әрі жетілдіруге және оны басқа заңнамалық актілерге сәйкестендіруге бағытталған бірқатар түзету енгізді.

Бұл тұрғыда, қоғамдық жұмыстарға тарту тетігін жетілдіру, жазаның осы түрінің орындалуын қадағалау органдарының жауапкершілігін қайта қарау ұсынылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде