{metadescription}
Су тасқынынан құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті

Су тасқынынан құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті

Төтенше жағдай министрлігінің сағат 00:00-дегі ақпаратына сай, елімізде су тасқыны кезінде құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті. 

"Азаматтық қорғау қызметтері 117 617 адамды, оның ішінде 43 887 баланы құтқарды. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 18 651 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 143 бала бар", - делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылды, 3,1 млн-нан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді. 4 134 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды.

Зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.