{metadescription}
Петропавлда тасқыннан зардап шеккендер коммуналдық қызметке ақы төлемейді

Петропавлда тасқыннан зардап шеккендер коммуналдық қызметке ақы төлемейді

Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев су тасқынынан зардап шеккендерге төленетін бір реттік өтемақыға қатысты түсінік берді. Өйткені бұған дейін тұрғындарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде деп айтылып, кейін ол сома екі есе қысқарған болатын.

«4 сәуірде мен Петропавлда жергілікті ауқымдағы төтенше режимін жарияладым. Осы екі аптада біз көп нәрсені бастан өткердік. Әдеттегі өмір салтымыз бұзылды. Қазір ең бастысы – тұрғындардың шығынын қалпына келтіру. Су әлі кеткен жоқ және келген шығынның мөлшері туралы айтуға әлі ерте. Бірақ біз қазірдің өзінде шаралар қабылдап, оның орнын толтыру тетіктерін пысықтап жатырмыз», - деді әлеуметтік желідегі парақшасында Петропавл әкімі. 

Екі күн бұрын зардап шеккендерден барлық төлемдерге өтініштер қабылдау басталды.

Осы аралықта мыңнан астам адам жүгінген. 

«Бүгіннен бастап 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу басталды. Тиісті тапсырма берілді. БАҚ-та өтемақы мөлшерін 200-ден 100 АЕК-ке дейін төмендетілгені туралы ақпарат жазылып жатыр. Түсіндірейін. Төтенше жағдай жарияланған сәтте Петропавлда мәслихаттың 100 АЕК төлеу туралы шешімі қолданылды. Иә, шынында да, қалалық мәслихаттың 8 сәуірде ашық дереккөздерде жарияланған шешімімен тұрғын үй иелері үшін біржолғы төлем сомасын 100-ден 200 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделген. Бірақ бұл мәселе сол кезде тек талқылау сатысында болды және заңды күшіне енбеді. Төтенше жағдай одан бұрын жарияланған болатын. Зардап шеккен шағын аудандардың тұрғындары ғана емес, үй ретінде қолданылып келген саяжай иелері де біржолғы төлем алады», - деді Серік Мұхамедиев.

Петропавл әкімі, сондай-ақ, үйлері суға кеткен тұрғындардан қазіргі уақытта коммуналдық ақы алу дұрыс еместігін айтып, бұл кезеңде төлемнен босатылатынын жеткізді. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде