{metadescription}
Америкада 5 миллионнан астам адам қауіпті вирус жұқтырған

Америкада 5 миллионнан астам адам қауіпті вирус жұқтырған

Панамерикалық Денсаулық сақтау ұйымы Америкада биыл 5,2 миллионнан астам адам денге вирусын жұқтырған деген дерек береді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Бұл өткен айдағы мәліметтен 48% көп. Денге вирусын масалар таратады. Одан биыл 1800-ден астам адам көз жұмған.

Панамерикалық Денсаулық сақтау ұйымының басшысы Жарбас Барбоза денге ауруының Америкада «төтенше жағдай» тудырып отырғанын айтты. Оның дерегінше, вируспен ең көп ауырған - Аргентина мен Бразилияның халқы.

Барбозаның айтуынша, денгеге қарсы вакцинаның саны шектеулі, оның үстіне вакцина тез әсер етпейді.

«Денгеге қарсы вакцинасының өлім-жітімді азайтуда маңызы зор, бірақ ол әсер еткенге дейін біраз уақыт алады», - деді ұйым басшысы.

Кейбір ауыр жағдайларда қан кетіп, науқастың өліміне әкеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде