{metadescription}
Нашақорлардың 50% Астана мен Алматыда және Алматы облысында тұрады — ҚМА

Нашақорлардың 50% Астана мен Алматыда және Алматы облысында тұрады — ҚМА

ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізіп жатыр.

Нәтижесінде мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түскен. Ол туралы ҚМА-ның баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды. Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң, есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды», — делінген хабарламада.

ҚМА хабарлауынша, нашақорлардың 50% астамы Астана мен Алматыда сондай-ақ Алматы облысына тиесілі. Агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін анықтаған, деп жазады kazinform. Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды.

«Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады. Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды», — деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

ҚМА есірткіні қолдану адам денсаулығына жағымсыз әсер ететінін еске салады.

«Есірткі арқылы жасөспірімдердің денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына, айналасына назар аударып, интернет кеңістіктегі  көріп жүрген контентін бақылап, жасаған сауда-саттығын сондай-ақ карточкалық шоттарына түскен қаражаттың көздерін бақылауды сұраймыз», - деп ескертті ҚМА.

Есірткі құралдарын сатып алу және сақтау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде