Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды
24 сәуірде Алматыда ауа райының күрт бұзылуына, екпіні күшті жел мен жаңбырға байланысты бірнеше ауданда электр жарығы өшіп қалды.
19:39 24.04.2024
Мұндай жағдай Ерменсай, Нұр Алатау, Тау-Самалы, Қарағайлы, Құрамыс, Ақжар, Бағанашыл, Асқартау, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 шағын аудандарында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ хабарлауынша, жаңбыр мен қатты желден 6-10-0,4 кВ тарату желісінде ақау пайда болған, соның салдарынан алматылықтар электр қуатынсыз қалды.
"Ауа райының нашарлауына және екпінді желге байланысты Алматы қаласы Ерменсай ықшамауданы, Нұр Алатау, Тау-Самалы, Қарағайлы, Құрамыс, Ақжар, Бағанашыл, Асқартау, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 қалаларында апатты жағдайда электр қуаты үзілді", - деді "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ.
Сондай-ақ компания электрмен жабдықтауды қалпына келтіру және ауа райының қолайсыз салдарын жою бойынша жедел топ жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Қаладағы жағдай бақылауда.
Қазіргі уақытта 8 (727) 356-99-99 телефон нөмірі жұмыс істеп тұр, электр қуатының үзілу себебі туралы барлық жедел ақпаратты білуге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!