{metadescription}
Петропавлда жанжал кезінде екі адам пышақ жарақатын алды

Петропавлда жанжал кезінде екі адам пышақ жарақатын алды

Петропавлдағы автожуу орталықтарының бірінде төбелес болып, екі адам пышақ жарақатын алды.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуір күні «102» арнасына Егемен Қазақстан көшесінде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп, екі адамның пышақ жарақатын алғанын анықтады. Белгілі болғандай, жанжал шығып, төбелес кезінде 40 жастағы ер адам пышақ салған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Дереккөз: Kazinform  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде