Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде 3 жасар балаға жыныстық зорлық жасау дерегі тексеріліп жатыр
Ақтөбе қаласының тұрғыны баласына жыныстық зорлық жасалды деген күдікпен ауруханаға жүгінді. Қазір осы деректі полиция тексеріп жатыр.
Фото: СҚО ПД
20:12 15.05.2024
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамыр күні қала тұрғыны баласын ауруханаға апарып, жыныстық зорлық-зомбылық іздерінің бар-жоғына тексеру жүргізу туралы өтініш білдірді. Полицияның жедел-тергеу тобы ауруханаға дереу жетті. Қылмыстық іс тіркеліп, сараптамалар тағайындалып, жүргізілді.
- Сот-медициналық сарапшының алдын ала мәліметтері бойынша, жас баланың жыныс органдарының аймағында дене жарақаттары жоқ. Сонымен қатар қылмыстық іс полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды. Оқиғаның барлық мән-жайларын мұқият тексеру жүргізілуде. Барлық тергеу шаралары процессуалдық прокурордың қатысуымен жүргізіледі. Тергеу полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында, - деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram