{metadescription}
Алматыда Есентай өзеніндегі көпір жабылды

Алматыда Есентай өзеніндегі көпір жабылды

Алматыда Жолымбет көшесінде Есентай өзені арқылы өтетін көпірде барлық көлік үшін қозғалыс шектелді.

Қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, осыдан 50 жылдан астам бұрын салынған көпірді визуалды тексеру барысында көпір маңындағы үйінділердің шөгуі, сонымен қатар, көпір жақтауындағы топырақты су шайғаны анықталды.

«Осыған байланысты көпірде қозғалысты шектеу және техникалық жай-күйіне сараптама жүргізу жөнінде шешім қабылданды. Көлік жүргізушілерінен маршрутты алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз. Аталған аумақты Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы айналып өтуге болады» деп атап өтті қалалық мобилділік басқармасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде