{metadescription}
Алматыдағы арықтар мен кәріз желілері неге бітеліп қалады

Алматыдағы арықтар мен кәріз желілері неге бітеліп қалады

Кәріз проблемасы көбіне оны қоқыс жәшігі ретінде пайдалану салдарынан туындайды. Бұл туралы «Алматы Су» кәсіпорны мәлім етті.

«Алматы Су» МКК ақпараты бойынша, кәріз люктерін ұрлау қаланың барлық ауданында байқалады. Соңғы оқиға Шапағат шағын ауданда болды. Осы жылдың ақпан-мамыр аралығында мердігер ұйым кепілдік міндеттемелер аясында 8 люк қақпағын орнатты, олардың жартысы қолды болған. Мердігер люк қақпақтарын 25 мамырға дейін қалпына келтіреді.

«Ұрлық қалалық инфрақұрылымға ауыр зардаптар әкеледі. Кәріз желілерін бітеп тастайтын қоқыс ашық құдықтарға түседі. Оның ішінде, сынған термометрлер, мерзімі өткен дәрі-дәрмек, аэрозольдер, электронды құрылғылар, флуоресцентті шамдар, резеңке бұйымдар, жиһаз және ыдыс-аяқ бар», - деп шағымданды «Алматы Су» МКК.

Люк- коммуналдық қызметтердің жалғыз проблемасы емес. Қала ішіндегі арық желілері де үнемі қоқысқа толып жатады.

«Азаматтар арықтарды және каналдарды бітеп тастайды. Кәріз проблемалары көбінесе оны қоқыс жәшігі ретінде пайдалану салдарынан туындайды. Қалдықтарды дұрыс пайдаланбау қатты су тасқынына әкелуі мүмкін. Тұрмыстық қалдықтармен бірге тасталған кейбір заттар қоршаған ортаға қауіп төндіретінін есте ұстаған жөн. Аумақтарды абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктеледі»,- деп атап өтті «Алматы Су».

Алматыда кез келген ауа райында және тәулік бойы қала көшелерінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ететін 1000-нан астам жол жұмысшысы мен 500 бірлік арнайы техника жұмыс істейді.

«Коммуналдық қызметтер күн сайын жүздеген тонна қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды шығарады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, коммуналдық қызметкерлердің және бір - бірінің еңбегін құрметтеуді сұраймыз», - деп атап өтті «Алматы Су» МКК өкілдері.

Сондай-ақ кәрізге тастауға болмайтын заттардың атын атады.

«Мәселен, күріш пен макарон-бұл өнімдер суда қатты ісінеді, бұл бітелуге кепілдік береді. Шаш көбінесе құбырларды бітеп тастайды. Әйелдер гигиенасы өнімдері мен подгузниктер ылғалды сіңіреді және құбырдағы судың жүруіне кедергі каелтіреді. Құрылыс қоқыстары, тіпті ұсақ үгінділер мен құм құбырларды қатты бітеп, төтенше жағдайға туғызуы мүмкін. Сонымпен қатар, банка, қораптардағы және жеміс- жидектердегі жапсырмалар-олар суда ұзақ уақыт ериді, ал оларға қолданылатын желім бітелуге ықпал етеді»,- дейді мамандар.

Айтуларынша, кәрізге ұқыпты қарау және ұсыныстарды сақтау төтенше жағдайларды болдырмауға және қалалық инфрақұрылымды дұрыс ұстауға көмектеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.