{metadescription}
Қарағанды облысының 9 елді мекенінде бруцеллез анықталды

Қарағанды облысының 9 елді мекенінде бруцеллез анықталды

Қарағанды облысында бес ауданның 9 елді мекенінде бруцеллез ошақтары табылды. Бұл ауылдарда карантин енгізілді, деп хабарлайды Кazinform.

Аудандардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынысы негізінде ошақтар аумағында 23 мамырдан бастап бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленді.

«Қарағанды облысындағы 5 ауданның 9 елді мекенінде: Абай ауданы, Құрма а/о; Қарқаралы ауданы, М. Мамыраев а/о, Теміршы а/о; Нұра ауданы, Тассуат а/о; Көктінкөл а/о; Шет ауданы, Нұраталды, Шет, Босағаа а/о; Осакаров ауданы, Батпақ а/о ауру жануарлар анықталды. Барлығы 18 бас ірі қара. Бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары барлық ірі қара мал басына қатарынан екі теріс ПТР нәтиже алғанға дейін және жануарлардың басқа түрлерінде теріс ПТР нәтижелер алынғанға дейін, сондай-ақ қорытынды дезинфекция сапасының нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі. Дертке шалдыққан малдың еті тұтынушыларға жетпейді. Барлығы бақылауда», - деді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Сондай-ақ, облыстың бас ветеринарының айтуынша, шектеулер қойылған аумақтарда ҚР АШМ ВБҚК

«Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» РММ мамандары сауықтыру іс-шараларын жүргізуде.

Ветеринарлардың хабарлауынша, бруцеллезді жұқтырудың себебі аурудың созылмалы ағымы, ауру малдарды уақтылы оқшауламау, ауру малдың төлін санитарлық союға бермеу, жануарларды ветеринариялық қызметке әкелу немесе сату кезінде жануарлардың иелері дерт жайлы уақтылы хабардар етпеуі, көктемде және күзде жануарларды жаю және жайылым кезінде қораларда дезинфекциялық жұмыстарды жүргізбеу болып табылады. Әдетте, жануарларға профилактикалық вакцинация салынбайды. Сондықтан малды дерттен сақтаудың жалғыз жолы – ережелерді сақтау болып табылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.