{metadescription}
Павлодар облысының 472 тұрғыны банкрот деп танылды

Павлодар облысының 472 тұрғыны банкрот деп танылды

Олардың жалпы сомасы 673,3 млн теңге қарызы есептен шығарылған.

Борышкерлерді банкрот деп тану туралы шешімдердің ең көбі Павлодар мен Екібастұз қалаларына тиесілі. Мемлекеттік кірістер органдары павлодарлықтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді жалғастырып отыр. 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен хабарлағандай, өңірдегі 472 тұрғынның 673,3 млн теңге қарызы есептен шығарылып, банкрот деп танылды.

«Мемлекеттік кірістер департаменті банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктердің алдындағы борыштар бойынша қолданылатын соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша жұмысты жалғастыруда. Павлодарлықтар тиісті заңның күшіне енуінен бастап соттан тыс банкроттыққа 3500-ден астам өтініш берді, оның 472-сі бойынша оң шешім шығарылды. 134 адам өз өтініштерін кері қайтарып алса, 3000 азаматтың өтініші қанағаттандырылмады. 250-ден астам павлодарлық шарттары сәйкес келмеуіне байланысты қаржылық мониторингтен өтіп жатыр», - мәлімдеді департаменттен.

Борышкерлерді банкрот деп тану туралы шешімдердің ең көбі Павлодар (200) мен Екібастұз (173) қалаларына тиесіл болып отыр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде