{metadescription}
Үкімет басшысы: Инвесторлардың бүкіл мәселесін әуре-сарсаңға салмай, жедел шешу керек

Үкімет басшысы: Инвесторлардың бүкіл мәселесін әуре-сарсаңға салмай, жедел шешу керек

Инвесторлардың барлық сұрағын әуре-сарсаңға салмай, жедел шешу керек.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

«Биыл Индустрияландыру картасы аясында өңдеу өнеркәсібінің 180 жобасын іске қосып, 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Өнеркәсіп министрлігі салалық мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жобаларды уақтылы іске қосуды қамтамасыз етуі қажет. Инвесторлардың барлық сұрақтарын әуре-сарсаңға салмай, жедел шешу керек. Осыған арнайы инвестициялық штаб жұмыс істейді», - деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, қазақстандық өндірушілерді қолдау және дамыту үшін өңдеу өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі заңнамалық тұрғыдан реттелді.

Қазір түсті металдарды қайта өңдеу саласында бұл механизм оң нәтиже көрсетіп отыр. 

Сондықтан осы тәжірибені ел ішінде өндірілетін және өңдеу көлемін ұлғайтуға болатын басқа да шикізат түрлеріне тарату қажет. 

«Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге осы механизмді өнеркәсіптің барлық негізгі салаларында қолдануды қамтамасыз етуге тиіс», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы бүгінгі таңда құрылыс материалдары өндірісінде оң динамика бар екендігіне тоқталды.

Олардың үлесі бір жыл ішінде 68 пайызға дейін өсті. Бұл бағытты одан әрі белсенді дамыту қажет.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіру жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Сонымен бірге құрылыс материалдарына деген сұраныстың ұлғайғанын ескеріп, «Самұрық-Қазына» холдингі мен өңір әкімдіктеріне «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жергілікті қамту деңгейіне және су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырамын», - деді Олжас Бектенов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде