{metadescription}
Жыл басынан бері 12 адам суға кетті

Жыл басынан бері 12 адам суға кетті

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Ерасыл Сайпаш жыл басынан бері 12 адамның суға кеткенін, оның екеуі бала екенін айтты.

«Жалпы суға шомылу кезеңінде 177 адам қаза тапты. Оның 53-і — жасөспірім. Ал 2022 жылғы статистиканы келтірсек, 183 адам суға кеткен. Оның 62-сі бала болған. Байқағандарыңыздай, былтыр суға батқан адамдардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 4 процентке азайған. Балалардың қаза табуы 15 пайыз кеміді. Жыл басынан бері 12 адам суға кеткен. Оның екеуі — жасөспірім», — деді министрлік өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советовтің айтуынша, министрлік құтқарушылар былтыр ондаған адамды суға кетіп бара жатқан жерінен құтқарып қалған. 

«Былтыр азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері патрульдеу кезінде 221 адамды суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалған. Ал биыл қаңтар мен мамыр арасында 38 адам құтқарылды. Оның бесеуінде оқиға орнындағы қарапайым азаматтар көмекке келген», — деді комитет өкілі.

Дереккөз: Kazinform    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде