{metadescription}
Сенат Жоғарғы сот судьясын лауазымынан босатты

Сенат Жоғарғы сот судьясын лауазымынан босатты

Сенат депутаттары Талғат Ибрашевті Жоғарғы сот судьясы лауазымынан босату туралы қаулы қабылдады.

Сенат отырысында Жоғары Сот Кенесінің Төрағасы Денис Шипп палата депутаттарының алдына осындай ұсыныммен шықты. Бұл ұсынымды Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті де қолдап, қорытынды шығарған.

«Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті өзінің кеңейтілген отырысында ҚР Президентінің Жоғары Сотының судьясын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды. Президент ұсынымы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, ҚР Парламенті мен оны депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңының 22-бабына, ҚР Сот жүйесі және судьяларды мәртебесі туралы конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес комитет Парламент Сенатына Талған Әулиеханұлы Ибрашевті басқа қызметке тағайындалуына байланысты ҚР Жоғары Сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады», - деді комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров.

Талғат Ибрашев Президент Жарлығымен 19 сәуірде Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде