Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда ірі есірткі зертханасын ашқан адам 11 жылға сотталды
Алматыда ірі есірткі зертханасын ашқан ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылдыдеп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: polisia.kz
11:07 31.05.2024
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде 27 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған.
«Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пәтерді тінту барысында медициналық шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, жасыл түсті изолента, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және басқа да синтетикалық психотроптық затты өндіруге арналған құралдарды тәркіледі. Дайын өнім – кристалдар түріндегі ақшыл түсті зат. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 139,57 грамм Альфа-PVP есірткі екені анықталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Полиция өкілінің айтуынша, сотта айыпталушының қылмысы дәлелденіп, сотталды.
«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдікті есірткі қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды»,- деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram