{metadescription}
Павлодарлық ана шай қорабына ақша жасырып, колониядағы ұлына өткізбек болған

Павлодарлық ана шай қорабына ақша жасырып, колониядағы ұлына өткізбек болған

Жергілікті №45 колония мекемесінің қызметкерлері ұлымен ұзақ уақытқа кездесуге келген әйелді ұстады. Ол шай қорабына ақша жасырып, колонияға өткізбек болған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Заңсыз әрекет жасаған әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оған қандай жаза тағайындалатынын сот шешетін болады. Бұған қоса ол ұлымен кездесуден бір жылға құқығынан айырылды.

«Біздің мекеме қызметкерлері жазасын өтеушілермен және оларға келетін туыстарымен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мекемеге нені алып келуге болатынын және қандай заттарға тыйым салынғанын ескертіп отырамыз. Осыған қарамастан сотталушылардың кейбір туыстары мен достары тыйым салынған заттарды колонияға жасырын түрде өткізуге тырысады. Мұндай әрекет жасағандар жазасыз қалмайды», - дейді мекеме бастығы Қуаныш Қойшыбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.