{metadescription}
Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

2024 жылы 16 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Президенттің құттықтау сөзін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Қадірлі отандастар! Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор.  Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Өз сөзінде Президент ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатқанын баса атап өтті. 

"Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз. Айттан айтқа аман-есен жете берейік! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!", - деді Президент.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.