{metadescription}
СҚО-дағы шаруашылықта 60-қа жуық ірі қарадан бруцеллез анықталды

СҚО-дағы шаруашылықта 60-қа жуық ірі қарадан бруцеллез анықталды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Гусаковка» ЖШС-де 57 бас ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, өңірде 10 сәуір мен 7 маусым аралығында ветеринарлық іс-шаралар жүргізілген. Соның нәтижесінде «Гусаковка» ЖШС-дегі сиырлардан ауру анықталды.

Ветеринарлық талаптарға сәйкес 57 ірі қара малдың 15 күн ішінде көзі жойылуы тиіс. Ал шаруашылыққа бруцеллезге қатысты шектеу шаралары енгізілді.

«Сауықтыру іс-шаралары аясында республикалық эпизоотияға қарсы жасақ әрбір 15-20 күн сайын ірі қара малды бруцеллезге тексеріп отырады. Сондай-ақ әрі қарай таралмауы үшін үй-жайларды зарарсыздандырады. Шектеу режимі енгізілген жағдайда мал өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салынады. Шектеу шарасы үй-жайлар толық дезинфекциядан өткен соң және қатарынан екі рет теріс нәтиже берген жағдайда алынады», - делінген баспасөз хабарламасында.

«Гусаковка» ЖШС-де 460 бас ірі қара мал бар.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.