Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау облысында итті өртеген жігіт қамауға алынды
Атырау облысында ер адам итті өртеп жіберген.
Фото: pixabay.com
18:50 20.06.2024
Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп жазады kazinform. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 19 маусымда түнгі сағат 23:30 шамасында болған.
«Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылына жақын маңда итті қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды. Итті өртеген 2003 жылғы жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Оның қасында 2007 жылғы жасөспірім болған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram