{metadescription}
Жамбылда мекеме басшылығы мемлекеттің көліктерін сатып жіберген

Жамбылда мекеме басшылығы мемлекеттің көліктерін сатып жіберген

Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады. 

Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығармай 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан.

Мемлекетке келген залал мөлшері — 22 млн теңге. 

Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеді.

Іс шеңберінде прокуратура құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлікті қайтарып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Талас аудандық сотының 13 маусымдағы үкімімен «Таза-Талас» мекемесінің директоры және оның орынбасары мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде