{metadescription}
Қарулы қарсылық көрсеткен адамды ұстамақ болған үш полицей қаза тапты

Қарулы қарсылық көрсеткен адамды ұстамақ болған үш полицей қаза тапты

Бакуде күдікті адамды ұстамақ болған үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп жазады Анадолы агенттігі.

«24 маусымда Бакудің Хазар ауданы Шувалан ауылында бірнеше рет сотталған, іздеуде жүрген Аллавердиев Ровшан Огтай оглы (1986 ж.т.) тұтқындау кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен. Салдарынан бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкері қаза тапты», - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Мәлімдемеде шабуылшының қасында болған отбасы мүшелерінің артына тығылмақ болғаны және мүмкіндікті пайдаланып, «Ланкастер» аңшы мылтығымен полицияға оқ жаудырғаны баса айтылған.

Полиция қызметкерлері Аллавердиевті залалсыздандырды, деп жазады kazinform. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, делінген ведомствоның бірлескен хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде