Анасы үй тапсырмасын орындамағаны үшін қызын пышақпен тілгілеп тастаған
Солтүстік Қазақстан облысында анасы үй тапсырмасына байланысты 11 жасар қызына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pixabay
11:04 19.09.2024
Бұл оқиға туралы облыстың Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Сұрағанова Instagram желісінде айтты.
"Үй тапсырмасын орындамау және жұмыс дәптерін дұрыс жүргізбеу салдарынан жанжал туындаған. Қыздың анасы кәмелетке толмаған баласының жамбас буынына пышақ сұғып алған, жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілген, жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында", — деп жазды Сұрағанова әлеуметтік парақшасында.
Бала қазір облыстық ауруханада жатыр. Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиеваның айтуынша, қыздың жағдайы ауыр.
"Тергеу аясында қылмыстың мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Арнайы комиссия құрылды. Олар оқиға орнына барып, отбасының жаңдайымен танысты. Зардап шеккен қыздың ата-анасы алты баланы тәрбиелеп отыр. Сонымен қатар қолдарында атасы мен әжесі бар", — деп қосты облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл.
ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өз кезегінде қызға алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетілетінін хабарлады. Ал анасы басқа балаларды тәрбиелеуден шеттетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!