{metadescription}
Ақтөбелік әйелді баласымен қоса қағып кеткен жүргізуші 2 жылға сотталды

Ақтөбелік әйелді баласымен қоса қағып кеткен жүргізуші 2 жылға сотталды

Ақтөбеде 3 жасар қыздың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты сот үкімі шықты.

Жүргізуші 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбе қаласының №2 сотында жүргізушіге қатысты істің үкімі шықты. Оған Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, «ГАЗ 3302» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып жіберген. Жаяу жүргіншілер өткелін көргенімен, жүргіншіге жол бермеген. Салдарынан әйел адамды баласымен қоса қағып кеткен. 3 жасар қыз көз жұмып, анасы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Сот отырысы кезінде сотталушы тағылған айыпты мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші 30 млн теңге моральдық зиян өндіру туралы талап арыздарынан бас тартып, сотталушыны кешіретінін, келтірілген залалдың өтеуі ретінде 10 млн теңге берілгенін көрсетіп, соттан бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. 

- Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.