ІТ-мамандардың орташа айлығы қанша
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенаттың жалпы отырысында ІТ-мамандардың орташа айлығы қанша екенін айтты.
19:55 31.10.2024
«2023 жылы Қазақстанда IT-индустрия қарқынды өсіп, жұмыс іздеушілер үшін ең тартымды салалардың біріне айналды. IT-компаниялар саны 17 922-ге жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11% артық», - деді министр.
Оның айтуынша, IT мамандарының орташа айлық жалақысы 588 мың теңгеге жеткен.
«Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайыз артық. IT-секторындағы жұмыспен қамту көрсеткіші де 12 пайызға артып, 187 мың адамға жетті», - деді Жаслан Мәдиев.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!