Шұбаркөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті
Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фото: Көліктегі ПД
13:44 03.11.2024
«3 қараша күні сағат 03.45-те жеке меншік жол бойында „Шұбаркөл Көмір“ АҚ станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті», — делінген хабарламада.
Локомотив жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі және аталған құрамды жеке компанияның локомотив бридасы басқарған.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы оқиға өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ деп сендірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!