Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде әйелді ұрып өлтірген күдікті ұсталды
Ақтөбеде әйелді ұрып өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
19:08 04.11.2024
Оқиғаның қай уақытта, қалай болғаны әзірге жарияланбады. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша іс қозғалды.
«Ерлі-зайыпты емес, бірақ бірге тұрған. Қазір күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеуге байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, биыл Ақтөбеде дәрігерді пәтерінде пышақтап, кейін оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Тергеу кезінде күдіктінің қылмыс жасауға алдын ала дайындалып барғаны, дәрігерге 24 рет пышақ сұққаны белгілі болды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram