{metadescription}
Төтенше жағдайлар вице-министрі ШҚО-ға барды

Төтенше жағдайлар вице-министрі ШҚО-ға барды

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. Сапар аясында ол Өскеменде орналасқан ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонында болып, құтқарушылар мен әскери қызметшілердің қызмет өткеру шарттарымен танысты. Ол құтқарушылар жұмыс істейтін жабдықтың техникалық жағдайына да баға беріп, жеке құраммен ағымдағы міндеттер мен мәселелер туралы сөйлесті.

Сонымен қатар вице-министр Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов қатысты. Кездесу барысында өңірдің азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығына, жылыту маусымының өтуіне және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Су тасқынының алдын алуға және профилактикалық іс-шараларды уақтылы іске асыруға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.

Вице-министр өңірдің қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін профилактикалық шараларды алдын ала орындаудың маңыздылығын айтты.

«Алдын алу іс-шараларын алдын ала іске асыру төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Біз апатты күтпей, оның алдын алу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек. Азаматтардың қауіпсіздігі — біздің басты міндетіміз», — деп атап өтті Кеген Тұрсынбаев.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде