{metadescription}
ТЖМ зәулім ғимараттарда өрт сөндіретін дрондар сатып алмақшы

ТЖМ зәулім ғимараттарда өрт сөндіретін дрондар сатып алмақшы

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өрт сөндіру қызметін жетілдіру бағытындағы тың жобаларды атады. 

«Ақмола облысында пилоттық жоба аясында өрт сөндірушілерден, дәрігерлер мен құтқарушылардан тұратын әмбебап бөлімше құрылды. Бұл зардап шеккендерді жедел түрде кешенді құтқару мен оларға алғашқы көмек көрсету мүмкіндігін береді. Өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі қайта қаралды. Нақтырақ айтқанда, тамыз айынан бастап Астанада 3,5 айдың ішінде жылдам тұрғызылатын конструкциялардан салынған өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді. Барлық өңірде құрылыстың осындай тәсілі енгізілетін болады. Жалпы, біздің елімізге 121 өрт сөндіру депосы қажет», - деді министр. 

Ведомство басшысы жыл басынан бері ТЖМ қажеттілігі үшін 728 техника алынғанын айтты.

«Биік ғимараттарды сөндіруге арналған өртке қарсы екі дрон материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту шеңберінде алғаш рет сатып алынады. Биыл республикалық, жергілікті бюджет есебінен және лизинг арқылы 728 бірлік арнайы автотехника мен 18 мыңнан астам құрал-жабдықтар сатып алудамыз. Ең алдымен, техниканы аудандық бөлімшелердің мұқтаждығына бөлеміз», - деді Шыңғыс Әрінов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде