{metadescription}
0:000:00

Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын оқшаулап, сағат 14:58–де толығымен сөндірген.

"Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Нақтыланған мәліметтер бойынша автобуста жолаушылар болмады. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында 2 техника, 10 адам жұмылдырылды", — деді Астана қаласы ТЖД Асқар Забикулин атындағы 6-МӨСБ бастығы Нұрсултан Ошақбаев.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады.

"Жолда көлігіңіз өртеніп бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз!", — деп ескертті ведомство.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.