{metadescription}
Қызылордада көктайғақ салдарынан бүгін 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Қызылордада көктайғақ салдарынан бүгін 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Қызылорда қаласында көктайғақ салдарынан бүгін, 5 желтоқсанда 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Бүгін облыс орталығында ауа райының қолайсыздығы байқалып отыр. Салдарынан 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

"Жол апатынан жарақат алған 3 қала тұрғыны ауруханаға көрініп, қайтарылды. Облыс тұрғындарынан жолда абай болуын, жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды. Бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себепші болады", — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде