Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай күміс жүлдені иеленді.
Фото: qaz_team_official
12:31 11.12.2024
Әлем чемпионы Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістірді. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі өзбек боксшысы басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар таразы басын өзіне аударды – 4:1. Бірақ үшінші раундта рефери Санжарды нокдаун алды деп есеп ашты. Қорытынды есеп – 4:1. Осылайша жеңіс Ш.Меликузиевтің еншісінде кетті.
Бүгін тағы 8 қазақстандық боксшы алтын үшін шаршы алаңға шығады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!