{metadescription}
Атырауда 56 жастағы ер адамның өліміне себепкер болған күдікті 8 жылға сотталды

Атырауда 56 жастағы ер адамның өліміне себепкер болған күдікті 8 жылға сотталды

Атырауда жұрттың көзінше ер адамды ұрып, денсаулығына қасақана ауыр зардап келтірген күдікті ұсталған еді. Сот үкімімен күдікті 8 жылға сотталды.

Бұл оқиға маусымда Атырау қаласындағы «Дина» базарының маңында болған. Күдікті жұрттың көзінше 56 жастағы ер адамды сабады. Кейін зардап шегуші көз жұмды. 

Аталған қылмсытық іс Атырау қаласындағы №2 сотта қаралды. Айыпталушыға ҚР Қылмыстық істің 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айып тағылған. 

– Жаз айында жәбірленуші қаладағы базардың аумағында өзінің жүк автокөлігімен қасында тұрған жеңіл автокөлікке зақым келтірген. Сотталушы, жеңіл автокөліктің иесі бұған ашуланып, жәбірленушінің басына жұдырығымен бірнеше соққы жасаған. Алған жарақатының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған, -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Прокурор сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды, азаматтық талапты ішінара қанағаттандыруды ұсынды.

Ал жәбірленуші тарап сотталушыға қатаң жаза тағайындап, азаматтық талапты қанағаттандыруды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындады. Алайда жәбірленушіні өлтіру ниеті болмағанын, осыған байланысты жеңіл жаза тағайындауды өтінген. Қорғаушылар сотталушының әрекетін ҚР Қылмыстық кодекстің 104-бабымен (Абайсызда қазаға ұшырату) кері саралауды сұрады. 

Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелер болып танылған бейнежазбалармен және басқа да іс материалдарымен дәлелденген. 

– Сотталушының асырауында жас балалары бар. Бұл қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот үкімімен сотталушы айып тағылған бапта көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Моральдық залалды өтеу туралы азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды, -деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.