Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау облысында былтыр жоғалып кеткен ер адам Жайық өзенінен табылды
Атырау облысында былтыр ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді.
Фото: ШҚО ТЖД
10:48 08.01.2025
Ал кеше оның мүрдесі Жайық өзенінен шығарылды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған дерекке қарағанда, ер адамның былтырғы тамыз айында жоғалғаны анықталған.
– Кеше, 7 қаңтарда жергілікті тұрғын Жайық өзенінің Индер ауданының Елтай ауылындағы тұсында автокөліктің дөңгелегін байқаған. Ол бұл деректі тиісті органдарға хабарлаған. Автокөлікті өзеннен шығарған кезде салонынан 1971 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның 2024 жылдың тамыз айында із-түссіз жоғалған ер адам екені анықталды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке байланысты тиісті сараптамалар тағайындалған. Оқиғаның мән-жәйі тексеріліп жатыр.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram