Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда қоқыстан әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Алматы полициясы кісі өлтіру дерегі бойынша ер адамды ұстады.
Фото: Polisia.kz
13:36 12.02.2025
Әлеуметтік желіде Алматыдағы қатты қалдықтарды өңдеу зауытында әйелдің бөлшектелген денесі табылғаны туралы ақпарат тарады.
Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзімен бірге ішімдік ішіп отырған әйелмен жанжалдасып, оны өлтіріп тастаған.
- Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram