{metadescription}
Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматыда қойма өртеніп жатыр

ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіріп жатыр.

Осы сәтте Алматы қаласы өрт сөндірушілері Рысқұлов даңғылындағы базар аумағында қоймадағы өртті сөндіріп жатыр.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың қатысуымен өртті сөндіруге арналған штаб жұмылдырылды.

Алматы қаласының ТЖД хабарлауынша, 16 ақпан күні 20:11-де күштер мен құралдар жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 103/2а мекенжайына жіберілді.

-  20:17-де оқиға орнына жеткенде қойма ғимаратының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылып, автоцистерналар өрт гидранттарына қосылды, сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Өрт орнында жедел штаб құрылып, екі өрт сөндіру учаскесі жасақталды, сондай-ақ өрт сөндіру автосатысы орналастырылды, - деп хабарлады қала ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында 77 адам мен 19 техника жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде