Құтқарушылар тауда адасып кеткен жасөспірімдерді тапты
Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түскен кезде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Фото: видеодан скрин
08:50 17.02.2025
Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шыққан.
Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті.
- Құтқарушылар оларды таудан түсірді. Кейін құтқарушылар менполиция қызметкерлері жасөспірімдерді ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары