Желіде 20 мың оқырманы бар жарнама жасаушылардың кірісі бақылауға алынады
Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер мен интернетте жарнама жасайтын желі қолданушылардың табысын бақылайды.
Фото: Kazinform
14:35 18.02.2025
— Камералдық бақылауға тек блогерлер ғана емес, барлығы кіреді. Мақсат — салық міндетінің орындалуын анықтау, — делінген комитет таратқан қосымша хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, камералдық бақылауға әлеуметтік желіде 20 мыңнан астам оқырманы бар жарнама жасап табыс тауып жүрген азаматтар кіреді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!