Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жықты
Семей қаласында алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Фото: freepik.com
08:15 25.02.2025
Әлеуметтік желіде Семейде бір топ жеткіншек өз қатарласын соққыға жығып жатқан видео тарап кетті. Абай облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
— Іске қатысы бар барлық бала тез арада анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеткіншектер полиция бөлімінде есепке алынады. Олардың мінез-құлқын облыстық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясы қарайтын болады. Балаларын тәрбиелеуде өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін ата-аналар қатаң жауапқа тартылады, — делінген ақпаратта.
Оқиғаның себептеріне үңілу үшін оқу орнының әкімшілігіне ұсыныс жасалмақ.
Тергеу барысы Абай облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!