Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды
Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды.
Фото: ҰОК
12:10 01.03.2025
Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім етті.
Спортшы 500 метр қашықтықта үшінші орын алды. Ол мәреге 34,30 уақыт көрсеткішімен жетіп, өз жеке рекордын жаңартты.
Жеңісті 34,18 нәтижесімен нидерландтық Еннинг Де Бо иеленді. Екінші орынды 34,27 уақытымен АҚШ спортшысы Джордан Штольц алды.
Айта кетейік, бұған дейін Кошкин Польшада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!