Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атыраудағы пойыз апаты: зардап шеккен 3 машинист ауыр жарақат алған
Атырау қаласының маңындағы теміржол стансасында жүк пойызының тепловозы мен КамАЗ көлігіне соқтығысты.
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
16:52 01.03.2025
Оқиға салдарынан 11 жүк вагоны релстен шығып кеткен.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 машинист облыстық ауруханаға жеткізілген.
«Бүгін Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш азамат ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккен азаматтар дәрігерлердің толық бақылауына алынды. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайлы тұрақты ауыр деп бағалады. Жарақат алған азаматтардың сауығып шығуы үшін барлық қажетті шара қабылданды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram