Бүгін Жетісу мен Маңғыстау облыстарында қалың қар жауады
Қазгидромет ел аумағында 4 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
08:31 04.03.2025
Дерекке қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар күтіледі,
- ҚР батысында жауын-шашын, жаңбыр мен қар түседі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта желдің күшеюі күтіледі, - делінген болжамда.
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында қалың қар жауады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!