Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ҰҚК екі қазақстандықтың ұсталғаны жайлы мәлімдеді
ҰҚК екі қазақстандықтың ұсталғаны жайлы мәлімдеді
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
11:31 04.03.2025
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қазақстандықтың есірткі арнасының жолын кесу кезінде ұсталғандығы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz. Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың ақпанында ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
"Сот санкциясымен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды. Олардан 15 кг "гашиш" есірткі заты тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде",- делінген ақпаратта.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram