{metadescription}
Алаяқтарға аударылған ақшаны қалай қайтарып алуға болады

Алаяқтарға аударылған ақшаны қалай қайтарып алуға болады

Алматы қаласының прокуратурасы дропперлерден келтірілген залалды қалай өтеуге болатыны жөнінде нұсқаулық жариялаған. 

«Дроппер» — бұл алаяқтар ақша алу үшін пайдаланатын адам. Әдетте, банк шоттары, карточкалар арқылы аударым жасалады немесе ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналады.

«Өндіріп алудың мұндай мүмкіндігі негізсіз байыту кезінде қаражат пен мүлікті қайтару міндетін көздейтін Азаматтық кодексінің 953-бабымен регламенттелген», — делінген Алматы қаласының прокуратурасы хабарламасында.

Наурызбай аудандық сотының шешімімен жәбірленушінің «дропперлерден» 3 миллион теңге мөлшерінде залал сомасын өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды.

Талап арыз беру үшін мынадай құжаттар қажет:

— қылмыстық істі СДТБ-не енгізу туралы баянаттың көшірмесі;

— жәбірленушіні тану туралы қаулының көшірмесі;

— банктен адамның шотына ақша қаражатын аудару туралы жауап;

— шотына ақшалай қаражат түскен адамнан жауап алу («дропперлер»).

«Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, қосымша сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінуге құқығыңыз бар. Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде