Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандықтар жеке куәлікті онлайн ауыстыра алады
Енді қазақстандықтар жеке куәлікті онлайн форматта рәсімдей алады.
Фото: Kazinform
17:35 04.03.2025
Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлесіп әзірлеген құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Жаңашылдық қазақстандықтарға төлқұжат пен жеке куәлікті электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы ауыстыруға мүмкіндік береді.
«Жобаның мақсаты — «Қазақстан Республикасы азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін қолданыстағы тәртіпке балама ретінде онлайн форматқа көшіру. Бұл пилоттық жоба ретінде 2026 жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады», — делінген түсіндірме жазбада.
Аталған құжат жобасы 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram