{metadescription}
Абай облысы экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Абай облысы экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Абай облысы экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып Ержан Бөлегенов тағайындалды. Ержан Ерғалиұлы 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. 

Еңбек жолын Астана қаласының прокуратурасында бастаған. 2009-2015 жылдары Астана қаласының Есіл ауданы және Ақмола облысы Көкшетау қаласының прокуроры қызметтерін атқарды.

2015-2018 жылдары Павлодар қаласының прокуроры. 2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Түркістан облысы прокурорының орынбасары. 

2021 жылғы наурыздан бастап осы уақытқа дейін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша экономикалық даму департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде