Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бұқтырмада көлік мұз астына түсіп кетті
Абай облысы Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасында мұз астына түсіп кеткен көлік шығарылды.
Фото: Видеодан алынған кадр
09:05 05.03.2025
Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Көкпекті ауданының тәртіп сақшылары Бұқтырма су қоймасындағы «Табанды қара» учаскесінде мұз астына жартылай түсіп кеткен көлікті көрген. Олар дереу жүргізушіге көмекке ұмтылды.
- Жүргізуші өз күшімен мұздан шыға алмаған. Полицейлер жағдайды жылдам бағалап, тростың көмегімен көлікті бекітіп, оны қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарылған жүргізуші полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, департамент қызметкерлері азаматтарды мұз үстімен, оның ішінде «Табанды қара» учаскесінде жүргенде барынша сақ болуға шақырды. Мұздың беріктігі туралы нақты ақпарат болмаса, қауіпсіздік мақсатында автокөлікпен мұз үстіне мүлде шықпаған жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram